ЕАГИ Түркиямен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде
2024 жылғы 17 шілдеде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында (бұдан әрі – EAGI) Ататүрік университетімен (Түркия) Өзара түсіністік туралы Меморандумға (бұдан әрі – MoU) қол қою рәсімі өтті.
Ректор, профессор, доктор Өмер Чомаклы басқарған MoU делегациясы құрамында профессор, доктор Ташкын Өзташ, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі офис үйлестірушісі және Эрасмус офисінің бастығы Пынар Учак болды.
EAGI тарапынан ректордың м.а., профессор, тарих ғылымдарының докторы Қ.Ә. Ахметов, академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департаменттің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор С.Б. Загатова, ғылым департаментінің басшысы, философия докторы (PhD) М. Аманғазықызы, сондай-ақ Эрасмус+ жобаларының үйлестірушісі, пед.ғ.к., доцент С.А. Мейрамова мен академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші, филол. ғылымдарының магистрі А.Т. Сандыбаева қатысты.
Профессор, доктор Өмер Чомаклы өз университеті туралы қысқаша мәлімет беріп, университеттің академиялық артықшылығы, ғылыми-зерттеу нәтижелері, бағдарламаларды интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктері туралы айтып берді.
Өз кезегінде профессор, т.ғ.д., Ахметов Қ.Ә. институттың соңғы жетістіктері, білім беру бағдарламалары, білім алушылар мен оқытушылардың ұтқырлығы, EAGI-дің әлемдік білім беру кеңістігіне халықаралық интеграциясы туралы айтты.
MoU-ға қол қою рәсімі кезінде Тараптар меморандум шеңберінде академиялық, ғылыми-зерттеу және білім беру-мәдени мәселелер бойынша түрлі бірлескен іс-шаралар іске асырылатыны туралы өзара келісімге келді. Сондай-ақ, Эрасмус+, Горизонт Еуропа (Horizon Europe) бірлескен халықаралық жобаларын әзірлеу және іске асыру үшін әлеуметтік ғылымдар орталығын құру, профессорлардың, жас ғалымдардың, докторанттар мен оқытушылардың ғылыми мақалалары мен әдістемелік жұмыстарының бірлескен жарияланымдарының мүмкіндіктері қарастырылды.
Анықтама үшін: Түркияның Эрзурум қаласында орналасқан Ататүрік университеті барлық түріктердің әкесі Кемал Ататүріктің есімімен аталады және бай тарихы бар, сонымен қатар білім берудің жоғары сапасымен және академиялық бағдарламалар мен ресурстардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Эрзурум – Түркия тұрғындары үшін көрнекті қала. Дәл осы жерде Тәуелсіздік Декларациясы – жаңа мемлекеттік жүйенің құрылғанын куәландыратын құжат оқылды. Сол оқиғалардың құрметіне 1957 жылы құрылған университет Ататүріктің атымен аталды және көлемі бойынша Түркиядағы екінші университет қалашығы болып табылады.
Ататүрік университеті сапалы білімімен, жиырма колледжімен және әртүрлі ғылыми орталықтарымен және көптеген академиялық бағдарламаларымен танымал. Ол сонымен қатар студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік бере отырып, өзін халықаралық бағдардағы университет ретінде көрсетеді.