ЕАГИ «World Cleanup day 2021» дүниежүзілік тазалық күніне және «Бірге-таза Қазақстан!» республикалық экобастамасына арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты
2021 жылдың 18 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтының әкімшілігі, профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттері «World Cleanup day 2021» дүниежүзілік тазалық күніне және «Бірге – таза Қазақстан!» республикалық экобастамасына арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты.
«Дүниежүзілік тазалық күні» – ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір – түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін жиналады – жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелерді қалдықтар мен қоқыстардан тазалайды.
Сенбілік кезінде институт ғимараттарына іргелес аумақтарды тазалау, сондай-ақ қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сенбілікті ұйымдастыру үшін институт қажетті жұмыс құрал-жабдықтарын ұсынды. Акцияның барлық қатысушылары белсенділік танытып, туған қаласының келбетін жақсартуға барынша күш салды.