ЕАГИ жақсы дәстүрлері

2024 жылғы Жаңа жыл қарсаңында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студент-волонтерлері Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттік жыл сайын өткізетін қайырымдылық акциясына қатысты.

Қайырымдылық акциясы барысында Агенттік қызметкерлері мен институт студенттері 14 желтоқсан Астана қаласында тұратын тыл ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетіп, алдын ала дайындалған сыйлықтарын табыстады.

2025 жылғы 13 ақпанда Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттік студент-волонтерлерге қайырымдылық акциясына белсенді қатысқаны үшін IQAA президенті д.п.н., Каланова Ш. М. атынан алғыс хаттарды табыс етті.