«ЕАГИ – жақсылық аумағы» қайырымдылық жәрмеңкесі

2023 жылдың 12 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «ЕАГИ – жақсылық аумағы» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл акцияның мақсаты әкесінің ауыр науқасы бар студенттік өзін-өзі басқару көшбасшысы, біздің студенттің отбасына көмек көрсету болды.  Акцияны ЕАГИ Еріктілер орталығы мен студенттер Парламенті ұйымдастырды және өткізді. Жәрмеңкеге оқытушылар мен студенттер қатысты; Университет қызметкерлерінің отбасылары да ерікті түрде қайырымдылық жасады.

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, заң пәндері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары К.С. Калдыбаев, Еріктілер орталығының басшысы Г.К. Темиргалиева және студенттік активтің өкілі А. Оразалина жиналған игіліктерді алушыларға тапсырып, қолдау сөздерін білдірді.