«ЕАГИ – жақсылық аумағы….»

2022 жылғы 1-3 наурызда Еуразия гуманитарлық институтында жастар ісі жөніндегі комитет, «Саналы Ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы, ЕАГИ Студенттік парламенті, ЕАГИ еріктілер орталығы және ШЖҚ «№11 Қалалық емхана» МКК ұйымдастырған дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жиналған қаражатқа 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мүмкіндігі шектеулі қыздар мен әйелдерге сыйлықтар сатып алынды.