ЕАГИ жалпықалалық сенбілікке қатысты

2022 жылдың 16 сәуірінде «Birge – taza Qazaqstan» акциясы және көктемгі экологиялық айлық аясында Еуразия гуманитарлық институтының әкімшілігі, профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілік кезінде институт ғимараттарына іргелес аумақтарды тазалау, сондай-ақ қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сенбілікті ұйымдастыру үшін институт қажетті жұмыс құрал-жабдықтарын ұсынды. Акцияның барлық қатысушылары белсенділік танытып, туған қаласының келбетін жақсартуға барынша күш салды.