ЕАГИ жалпықалалық сенбілікке қатысты

2022 жылдың 17 қыркүйегінде «Бірге таза Қазақстан» жыл сайынғы күзгі экологиялық айлығы шеңберінде қысқы кезеңге дайындық бойынша жалпы қалалық сенбілік өтті, оған Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Сенбілік кезінде қаланы көгалдандыру және аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікті ұйымдастыру үшін барлық қажетті жұмыс құрал-жабдықтары берілді. Акцияның барлық қатысушылары белсенділік пен ынта танытты.