ЕАГИ жалпы қалалық сенбілікке қатысты

2023 жылдың 29 сәуірінде «Жасыл Астана»  экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, оған А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен 1-курс студенттері қатысты.

Сенбілік барысында қаланы көгалдандыру және аумақтарды жинау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікті ұйымдастыру үшін барлық қажетті жұмыс құралдары ұсынылды. Акцияның барлық қатысушылары белсенділік пен ынта танытты.