ЕАГИ жалпы қалалық сенбілікке қатысты

2023 жылғы 16 қыркүйекте «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы аясында қысқы кезеңге дайындық бойынша жалпықалалық сенбілік өтті, оған А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен 1 курс студенттері белсенді қатысты.

Сенбілік барысында қаланы көгалдандыру және аумақтарды жинау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікті ұйымдастыру үшін барлық қажетті жұмыс құралдары ұсынылды. Акцияның барлық қатысушылары тәртіп орнатуда белсенділік танытып, туған қаланың келбетін жақсартуға барынша күш салды.