ЕАГИ жалпықалалық сенбілікке қатысты
2025 жылғы 20 қыркүйекте «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» жалпықалалық сенбілік өтті. Оған А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Сенбілік барысында қаланы көгалдандыру және институтқа іргелес аумақты жинау жұмыстары жүргізілді.
ЕАГИ жастары елорданы абаттандыруға үлес қосып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды және экологиялық мәдениеттің маңыздылығын түсінуді көрсетті. Мұндай іс-шаралар студенттердің экологиялық тәрбиесіне ықпал етеді және қоғамды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.




