EF SET тестілеу туралы

Шетел тілдері кафедрасының студенттері тілдік қабілеттерін үздіксіз дамытуға, білім ресурстарын кеңейтуге мүдделі. Еңбек нарығында табысты және сұранысқа ие маманды жеке іске асыру үшін үнемі жетілдіріліп отыру қажет. Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Сарсенова Анар Мәдібекқызының жетекшілігімен жоғары курс студенттері efset тестілеуінен өтті. ИЯС-18-01, ПД-17-01, ИЯ-17-01, ИЯ-18-01, ИЯК-17-02 топтарының студенттері А.Әлішерова, А. Сарқытов, А. Шахманова, А. Крахмал, А. Жаңбыршинова, А. Исмағамбетова, А. Әбілова, А. Базархан, Д. Пугачева, ж. Бабишева, Д. Жақия, А. Төлеуғазинова, А. Имамбекова, Ш. Балғынбаева, П. Абиханова, Р. Алмабай тестілеуге қатысты.

«EF SET» тесті қызықты және көрнекі болды. Тест екі кезеңнен тұрды: келесі сұрақтармен оқу және тыңдау. Сөйлеу әрекетінің әр түріне 25 минуттан беріліп, тест 100 балдық шкала бойынша бағаланды. Балл санына байланысты шетел тілін меңгеру деңгейі анықталды. Аталған материалдар, сұрақтар мен сайт интерфейсі студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Тестілеу нәтижелері шетел тілдері кафедрасының бітіруші курс студенттерінің ағылшын тілін меңгеруінің жоғары деңгейін (С1, С2) көрсетті.