Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасында қонақ дәрісі
2021 жылдың 30 қыркүйегінде «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері үшін лектор, «Отбасы банк» АҚ Бизнесті дамыту басқармасы бастығының орынбасары Н.Ю. Шейрердің қатысуымен «Отбасы банк АҚ депозиттік саясаты» тақырыбына қонақ дәрісі өткізілді.
Тақырып аудиторияның қызығушылығын тудырды, ҚР-да депозиттік саясатты дамыту мәселелері мен келешектері бойынша өзекті сұрақтар қойылды.