Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасындағы академиялық ұтқырлық
Оқытушылардың академиялық ұтқырлығын іске асыру шеңберінде және А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты мен Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің Самарқанд филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы шарт негізінде ЕАГИ экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің Самарқанд филиалының «Цифрлық экономика және тұрақты бизнес» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді. Профессор, т.ғ.к. Г.Д. Тажбенова «Менеджмент» пәні бойынша дәрістер курсын оқыды, доцент А.С. Оспанова «Экономикадағы математика» пәні бойынша сабақтар өткізді.