Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасындағы академиялық ұтқырлық

Ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті Б.Б. Мажитова ағымдағы жылдың 10-29 сәуір аралығында Қырғызстан Халықаралық университетінің (Бішкек қ.) «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне арналған «Сақтандыру» пәні бойынша 1 кредит (ECTS) көлемінде онлайн форматта дәріс оқыды. Сабақта келесі тақырыптар: «Жеке сақтандыру», «Азаматтардың мүлкін сақтандыру», «Жауапкершілікті сақтандыру» және т. б. қаралды және талқыланды. Студенттер тақырыптарды оқуда белсенділік танытып, шақырылған дәріскерге алғыстарын білдірді.