Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасындағы бағдарлау апталығы

2025 жылдың 1-6 қыркүйегінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында бірінші курс студенттері үшін бағдарлау апталығы өтті. Апта барысында 2 қыркүйекте экономикалық және математикалық пәндер кафедрасында жоғары курс студенттері-тәлімгерлер        1-курс студенттерімен «Менің болашақ мамандығым – қаржыгер» ойынын өткізіп, ЕАГИ ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ жеке оқу жоспарын қалыптастыру және элективті пәндерді таңдау мақсатында эдвайзер Б.Б. Мажитовамен кездесу өтті. 3 қыркүйекте кітапханада ақпараттық сессиялар өтіп, тәлімгерлер «Қаржылық сауаттылық негіздері» викторинасын өткізді. 4 қыркүйекте «Қаржы» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері институт ректорымен кездесуге қатысты.

Барлық бірінші курс студенттеріне сәттілік пен табыс тілейміз!