Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасындағы қонақ дәрісі
2020 жылдың 26 қарашасында «Қаржы» білім беру бағдарламасының академиялық топтарында 1-4 курс студенттеріне «Сақтандыру» пәні бойынша «Өмірді жинақтаушы сақтандыру» («FortuneInvest» ЖШС сақтандыру агенттігінің тәжірибесі) тақырыбына қонақ дәрісі өткізілді, оған өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша сарапшылар дәріскерлері Г.С. Жаркешова (доцент, МВА) және С. А. Молдағұлова (PhD докторы) қатысты. Тақырып аудиторияның қызығушылығын тудырды, спикерлерге өзекті сұрақтар қойылды, қатысушылар ҚР өмірді жинақтаушы сақтандырудың мәселелері мен даму келешектерін талқылады.