Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кәсіби бағдар беру бойынша №57 мектеп түлектерімен онлайн кездесуі
2021 жылғы 1 сәуірде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы Нұр-Сұлтан қаласы №57 мектебінің 11 «Ә» сынып оқушылары және сынып жетекшісімен Zoom платформасында кәсіби бағдар беру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырды.
Онлайн кездесуде ЭжМП кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Мажитова Б.Б. және кафедра оқытушысы Тажигулова А.Ж. ЕАГИ білім беру бағдарламалары, соның ішінде 6В04108 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, осы білім беру бағдарламасындағы «Банк ісі», «Қаржылық менеджмент» траекториялары бойынша айырмашылықтармен, жүргізілетін пәндер туралы қысқаша сипаттамасымен таныстырды.
Сондай-ақ, студенттердің практикасы бойынша кафедра базасы болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласы «Отбасы банк» мекемесі қызметкерлерінің студенттерге оқылатын дәрістері туралы айтып өтті.
Кездесу соңында ЕАГИ колледжі мен қашықтықтан білім беру жүйесі туралы мектеп оқушыларының қойған сұрақтарына жауап берді.