Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кәсіби бағдар беру бойынша мектеп түлектерімен онлайн кездесуі

Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы 2021жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының №63 мектебінің 11 сынып оқушыларына Zoom платформасында кәсіби бағдар беру мақсатында онлайн кездесу ұйымдастырды.

Онлайн кездесуде ЕАГИ деканы п.ғ.к., Кемайкина Т.А., қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жантаева А.Қ., кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тажбенова Г.Д. және кафедра оқытушылары ЕАГИ-дің білім беру бағдарламалары, соның ішінде 6В04108 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқытушылар әрбір білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін, ҰБТ тапсыру кезіндегі таңдау пәндері мен мемлекеттік грант байқауына қатысу бойынша мектеп түлектерін толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында оқытушылар мектеп бітіруші түлектерге алдағы кезеңдегі сынақтан сәтті өтіп, таңдаған мамандықтары бойынша ЖОО студенттері қатарына қабылдануына тілектестіктерін білдірді.