Елбасы кітапханасына саяхат

Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері аға оқытушы Р.Кемеңгеровпен бірге Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы кітапханасының Музейіне саяхат жасады.

Музейде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін айшықтайтын бірегей жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ, Елбасының жоғары мемлекеттік наградаларының  жинағы, еңбектері және жеке заттарымын танысты. Н. Ә. Назарбаевтың шет тілдеріне аударылған еңбектеріне де назар аударды.