Елбасы кітапханасында

foto-biblioteka-lidera-natsii

2016 жылғы 28 қараша күні Еуразия гуманитарлық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері мен қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент Казина Р.А., п.ғ.м., аға оқытушы Омарова С.Ж., п.ғ.м., аға оқытушы Райнбекова Г.С. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ТМД-ның құрылуының 25 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысты. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбеков, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.