Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында пікір-талас өтті

Сәуір айының 19-ы күні ҚТӘ-14-01 және ҚТӘ-14-02 тобы студенттерінің арасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында  кураторлық сағат өтіп, топ кураторлары ф.ғ.м., аға оқытушы А.Қ. Нұрбанова мен п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Әлімбаев өз ойларын білдірді. Студенттер Қуанова Набат пен Оразов Жомарт мазмұнды баяндама жасап, өз сөздерін қорытындылай келе, бұл мақалада қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық бағыттағы маңызды жобаларға қатысты қабылданар нақты қадамдар көрсетілгендігін, бұлардың әрбіріне үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтты.