Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау

21 қараша күні Ақорда сайтында Қазақстан Речпубликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Мұнда ел тарихы және ғаламдық тарихта халықтың рөлін объективті түрде түсіну қажеттілігі басты назарға алынған.

21-22 қарашада Заң пәндері кафедрасының аға кураторы Балжанова Арнагүл Кенжебекқызы «Рухани жанғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау және түсіндіру бойынша «Құқықтану» мамандығының барлық топтарында кураторлық сағаттар өткізді.