«ЕЛДЕГІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ»

«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Куламан Анеля (ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.М. Сарсенова) 2025 жылдың 25 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында «Елдегі және әлемдегі цифрландыру» тақырыбында «ТІЛ ҚАЗЫНА» ауызша синхронды аудармасының екінші республикалық студенттік конкурсына қатысты. Байқауды Қазақстанның кәсіби аудармашылар және аударма компаниялары қауымдастығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіменжәне «Гала Глобал Групп» аударма компаниясымен серіктестікте өткізді.

Байқауға қатысушылар саланың жетекші мамандарымен баға жетпес тәжірибе жинақтап, аударма саласындағы үздік мамандардың пайдалы шеберлік сыныптары мен дәрістеріне қатысуға мүмкіндік алды. Іс-шара қорытындысы бойынша оларға қатысу туралы сертификаттар табыс етілді.