«Электрондық үкімет порталымен жұмыс – egov.kz» тақырыбы бойынша оқыту семинары

2023 жылғы 19 қазанда ПОҚ ақпараттық ағарту аясында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Электрондық Үкімет порталымен жұмыс – egov.kz» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар барысында бейнематериал көрсетіліп, қарастырылып отырған тақырып бойынша презентация ұсынылды. Модератор Т.Т. Муканова өз мысалында тіркеу, ЭЦҚ алу және дербес компьютерден анықтама алу алгоритмін көрсетті. Оқыту семинары модераторға көптеген сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алған институт оқытушылары мен қызметкерлерінің қызығушылығын тудырды.