«Еліміздің дамуы мен өркендеуіндегі жастардың рөлі» тақырыбындағы дәріс
2023 жылғы 23 ақпанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті Б.Б. Мажитова «Еліміздің дамуы мен өркендеуіндегі жастардың рөлі» тақырыбында Ф-22-01 және ФТ-22-01 (1-курс, «Қаржы» білім беру бағдарламасы) академиялық топтарының студенттеріне дәріс оқыды.
Дәріс барысында Б.Б. Мажитова тыңдаушылардың назарын қазіргі қоғамдағы, кез келген мемлекеттің әлеуметтік-саяси және мәдени дамуындағы жастардың шешуші рөліне аударды. Студенттердің назарына «Жастар – еліміздің жарқын болашағы!» атты бейнеролик ұсынылды, оны көргеннен кейін мемлекеттің экономикалық әлеуетін дамыту үшін жеке өсудің маңызы туралы пікірталас өтті.