«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

30 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Тәуелсіздігінің 24 жылдығы мерекесіне арналған іс-шаралар аясында ҚР Ұлттық мұрағаты «Нұр Отан» партиясы және ҚР Қорғаныс министрлігімен бірігіп «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көрме ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ҚТӘ-14-01 тобының студенттері, п.ғ.к., доцент Р.А. Казина және п.ғ.м., аға оқытушы А.Е. Әлімбаев қатысты. Көрмеге студенттердің қатысуына мұрындық болған – Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті п.ғ.к. Р.А. Казина.

Кәсіби орыс тілі пәнінің оқу жоспары бойынша бекітілген «Виды и жанры деловой документации» деген тақырып аясында өткізілген сабақта студенттер мұрағат жұмысымен, онда сақталған құжаттармен танысты.