Елорданың жас отбасылары арасындағы «Қазағымның дәстүрлері-ай» ұлттық-этнографиялық байқауы

2025 жылдың 17 наурызында Наурыз мейрамы қарсаңында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының студенттері аға оқытушы А.Т. Балтабаеваның жетекшілігімен елорданың жас отбасылары арасында «Қазағымның дәстүрлері-Ай» ұлттық-этнографиялық байқауына көрермен ретінде қатысты. Байқауды «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.