Елубек Жадыра

Елубек Жадыра (Шетел тілі: екі шетел тілі, 2-курс студенті): Мен еліміздің оңтүстік астанасы атанған Алматы қаласындағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бір семестр бойы білім алу мүмкіндігіне ие болдым. Алматы қаласы жайында айтар болсам, қала өте керемет, өзінің табиғатымен әрбір жанды таң қалдырып, тамсандырады және жаны жайсаң, жылы адамдарымен лық толы екеніне көзім жетті. Алматы – менің ең сүйікті қалаларымның біріне айналды. Мен үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – елімізді тану, коммуникацияны дамыту.