«Эмоционалды кернеуді жою» тақырыбындағы тренинг
2022 жылғы 28 қазанда ЕАГИ психологиялық қызметінің басшысы А.Н. Қабыл және «Асыл жүрек» клубының ерікті студенттері М. Құсайынова және А. Әлібек (ППК-19-01 академиялық тобының студенттері) Студенттер үйінде тұратын студенттерге «Эмоционалды кернеуді жою» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – кері байланыс алу, жолдастық сезімді, коммуникативтік және көшбасшылық дағдыларды дамыту, стресске төзімділік деңгейін арттыру және қатысушыларды жағымсыз эмоциялардан арылту болып табылды. Студенттер тренингке белсенді қатысты.