«English speaking club» ауызекі ағылшын тілі клубының отырысы

2021 жылғы 27 қазанда «The importance of effective reflective teaching and learning practices for the English language teaching professionals» тақырыбында August Garnsey (Нұр-Сұлтан қаласы, АҚШ Мемлекеттік департаменті, ағылшын тілі бағдарламасы бойынша Ағылшын тілі стипендиаты) ағылшын тілінде сөйлеушінің қатысуымен «English speaking club» ауызекі ағылшын тілі клубының кезекті отырысы өтті. Клуб жұмысына «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының үшінші және төртінші курс студенттері белсенді қатысты.