«English speaking club» ауызекі ағылшын тілі клубының отырысы

2021 жылғы 3 қарашасында «The importance of effective reflective teaching and learning practices for the English language teaching professionals» тақырыбында August Garnsey (Нұр-Сұлтан қаласы, АҚШ Мемлекеттік департаменті, ағылшын тілі бағдарламасы бойынша Ағылшын тілі стипендиаты) ағылшын тілінде сөйлеушінің қатысуымен «English speaking club» ауызекі ағылшын тілі клубының кезекті отырысы өтті. Кездесудің тақырыбы: «Color and business idioms». Клуб жұмысына «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының үшінші және төртінші курс студенттері белсенді қатысты. Кездесуге факультет деканы Т.Н. Кемайкина, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Л.В. Волкова, шетел тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Г.У. Аренова, аға оқытушы А.М. Сарсенова қатысты.