Ерғазиев Темірланды құттықтаймыз!

Орталық Азиядағы Америка университеті Қырғыз республикасындағы АҚШ елшілігінің қолдауымен  Youth Council C5+1 жобасы аясында “Network Cup 2017” дебатынан халықаралық турнир өткізді. Дебат турнирі 27-29 қаңтарда өтті. 2 тілдік лига қатысты: орыс, ағылшын. Шетел тілдері кафедрасының ПД-14-01 тобының студенті Ерғазиев Темірлан 24 командадан тұратын ағылшын лигасына қатысты. Командалық сынақта Темірланның командасы турнирдің финалға қатысушысы және іріктелген раундтардың ең тиімді командасы болып табылды. Жеке сынақта біздің студент ең үздік спикер атанды. Іс-шара Орталық Азиядағы белсенді жастарды діни және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерді талқылау үшін біріктіруге арналған. Сондай-ақ, турнир болашақ көшбасшыларға арналған тиімді коммуникативтік алаңды құруға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.