Еркіндік қыраны

2016 жылдың 24 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы жанынан құрылған «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еркіндік қыраны» атты жас ақындар өлеңдері жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты жиынды институт проректорлары т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов және п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова құттықтау сөздермен ашты. Кітаптың тұсауын т.ғ.д., профессор Қадір Әбілжанұлы мен ф.ғ.д., профессор Рақымжан Сағымбекұлы кесті. Іс-шараға инсититуттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлектері, ақындар Ербол Қабылдаұлы, Өмірбек Бекмұрат, Таңжарық Ержан және «Астана» радиосының жүргізушісі Сұңқарбек Батан, сонымен қатар институттың профессорлар-оқытушылар құрамы, кітапхана өкілдері мен студенттер қатысты.