«ЕРМАК» ағылшын тілінен XVIII Халықаралық олимпиадасы
Ағымдағы жылдың 26 мамырында Сібір федералды университеті ұйымдастырған «ЕРМАК» ағылшын тілінен XVIII Халықаралық олимпиадасы аяқталды.
Оған Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның, Моңғолияның, Египеттің, Гананың 51 жоғары оқу орнынан 400-ден астам студент, оның ішінде А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері қатысты.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін және ағылшын тілін қолдана отырып, жағдаятты-шартты міндеттердегі зерттеу қызметіне деген қызығушылығын дамыту болды.
Жүлдегерлер қатарына ЕАГИ-дің 2 студенті: А.Бегимкулова, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті; Т. Тулебаева, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті (жетекшісі: аға оқытушы, п.ғ.м. А.М. Сарсенова) кірді.