Есірткі заттарды қолданудың алдын алу бойынша «Есірткі – өмір бойы тозақ» атты кураторлық сағат

2022 жылдың 15 наурызында педагогика кафедрасының кураторы, аға оқытушы Б.К. Абылханова ПП-20-01 (6В01102 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы) академиялық тобының студенттеріне «Есірткі – өмір бойы тозақ» тақырыбында онлайн-форматта кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында бейнематериалдар қаралды, нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, елімізде есірткі заттарын таратқаны үшін жазалау шаралары, осы мәселе бойынша азаматтардың ұстанымдары талқыланды.