Есірткіден аулақ бол!
П.ғ.к., доцент Н.Х.Шадиева «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Есірткіден аулақ бол!» атты кураторлық сағат өткізді. Мақсаты – студенттерге есірткінің адам ағзасына келтіретін әсері жөнінде кеңінен мағлұматтар беру. Оқытушы нашақорлықтан арылудың қиындығын, есірткіге әуесқойлық, қызығушылықтың әсерінен оған тәуелділік пайда болатынын деректі фильм көрсету арқылы түсіндірді. Сондай-ақ, «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында видео-слайд көрсетілді.