«Этно-Fashion» республикалық фестивалі
Қазақ хандығының 550 жылдығы – бүкіл қазақ үшін тағылымы мол торқалы той. Осы мерейлі датаға арналып бүкіл Қазақстан жерінде көптеген мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Соның ішінде 2015 жылының 29 қыркүйегінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этно-Fashion» республикалық фестивалі аясында Астана қаласының «Думан» ойын-сауық орталағында, этнопедагогика бойынша «Халық даналығының қайнары» атты профессор-оқытушылар, магистранттар және студенттерге арналған ашық дәрістер өткізілді.
Дәрістер үш бағытта («Тіл- достықтың алтын көпірі», «Мудрость народа в сказках: учим и читаем», «Философия казахского национального костюма») өткізілді. Олардың мақсаты Қазақстан этностарының мәдениетін насихаттау арқылы тыңдаушылардың рухани адамгершілігін байыту.
Біз Еуразия гуманитарлық институтының студенттері дәрістер барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ауыз әдебиетінің шығармалары, ұлттық киімдер үлгілерімен таныстық.
Сонымен қатар мұнда Қазақстанның әр аймағынан қол өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикамыздың атақты модельер-дизайнерлері мастер-кластар өткізді.