Этносаралық келісім тақырыбында студенттік ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздарын марапаттау

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы оқушы жастарды этносаяси процестерге тарту мақсатында этносаралық келісім тақырыбында студенттік ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастырды, оған Еуразия гуманитарлық институтының студенттері де қатысты: Г. Жылкайдарова («Тарих» білім беру бағдарламасы); К. Макашева, А. Қайрат, Н. Шайзанда («Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы); А. Гульмамедова  («Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы).  Педагогика кафедрасының оқытушылары – студенттердің ғылыми жетекшілері: К.С. Ускембаев, И.А. Тобагабылова, Н.Ж. Болатбекова, Ж.Е. Турманова, А.Т. Аязбаева.

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Достық үйінде байқау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.  А. Гульмамедова III дәрежелі дипломмен марапатталды; К. Макашеваның ғылыми жұмысы «Үздік ресімделген жұмыс» номинациясында жеңіске жетті. ЕАГИ студенттеріне қатысқандары үшін алғыс хаттар табысталды.  Барлық ғылыми жұмыстар байқау материалдарының жинағына енгізілді.