«Этносаралық толеранттылық және медиация» қонақ дәрісі

2024 жылғы 13 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық медиаторы Н.С. Солдатова «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Этносаралық толеранттылық және медиация» тақырыбында қонақ дәріс оқыды.

Дәріс барысында интерактивті форматта келесі мәселелер: қазақстандық қоғамдағы этносаралық толеранттылық және медиация, этномедиация, Қазақстан халқы Ассамблеясының көпмәдениетті орган ретіндегі рөлі және    т. б. талқыланды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.