Еуразия гуманитарлық институты
Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби шәкірт тәрбиелейтін ұстаз үшін темірқазықтай бағыт болар кеңес берген екен: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. 2 мінездің арасы алшақ». Әлбетте, жеке бір тұлғаның жеке басының қасиеттері кішкентай адамның білім мен ғылымды игеруіне қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыз. Аңғарсақ, бұл айтылған сөздер бірнеше ғасыр өткен соң да өзекті және жанға жақын. Бүгінгі таңда астанамызға жетіспейтін кадрлардың бірі – педагогикалық бағыттағы кадрларды даярлау жөнінде әңгімелеп көрейік.