Еуразия гуманитарлық институты басшылығының «2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында студенттермен онлайн-кездесуі
2021 жылғы 14 қаңтарда Еуразия гуманитарлық институтында 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттердің институт басшылығымен, студенттерді академиялық қолдау қызметтерімен онлайн-кездесуі өтті.
Кездесуде институт ректорының м.а., профессор А.Ж. Исмаилов короновирустық инфекция кезеңіндегі білім берудің өзекті мәселелері туралы айтты. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта жалпы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша қатаң шаралар қабылданғанын атап өтті. Студенттер сабаққа бетперде киіп келулері керек. Оларсыз аудиторияға кіруге тыйым салынады. Ғимаратқа кіру кезінде байланыссыз термометрлермен температура тексеріледі және антисептик қолданылады, оқу ғимараттарына барлық кіру есіктері дезинфекциялық тоннельдермен жабдықталған.
Дәрістер қашықтықтан өткізіледі, семинарлар мен практикалық сабақтар аралас форматта өткізіледі.
Жатақханаға орналастыру және оқу ғимараттарында оқытуды ұйымдастыру 50% -дық толтырумен жүзеге асырылатын болады.
Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, профессор Қ.Ә. Ахметов аралас форматтағы оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, СЭР-ды сақтау қажеттігін атап өтті.
Академиялық мәселелер және аккредиттеу департаментінің директоры, профессор С.Б. Загатова 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде аралас форматта оқуды ұйымдастыру бойынша институттың академиялық саясатының негізгі ережелерін ашты. Қатысушыларды академиялық күнтізбемен таныстырды.
Институт деканы, доцент Т.Н. Кемайкина студенттердің назарын СЭР талаптарын мүлтіксіз орындауға аударды.
Студенттер онлайн-кездесу барысында қойылған сұрақтарға толық жауап алды.