Еуразия гуманитарлық институты – Халықаралық Симпозиумның бірлескен құрылтайшысы

2017 жылдың 4-6 қазан айында Карабюк қаласында (Түркия) Карабюк Университетінде «Тіл және әдебиет: дәстүрлер мен жаңғырту» І халықаралық  Симпозиум өтті. Еуразия гуманитарлық институты  Бакин Еуразия университетімен, Халықаралық Балқан Университетімен, Халықаралық Сараево Университетімен және  Карабюк университетімен бірге симпозиумге бірлескен құрылтайшы ретінде қатысты.

Симпозиумға Әзербайжаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Македониядан, Босниядан және Герцеговина мен Түркиядан ғалымдар қатысты. Еуразия гуманитарлық институтын құрамында оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, профессор Қ.Ә.Ахметов, педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.С. Сарсекеев және академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі үйлестіруші  А.Т.Сандыбаева бар делегация таныстырды. Ахметов Қадыр Әбілжанұлы симпозиумның секциялық мәжілісінде модератор болды. Карабюк Университеті біздің ынтымақтастығымызды білім беру саласында қолдайды. Симпозиумның аясында бірлескен жұмыс (екі дипломдық білім беру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы) келешегінің мәселелері талқыланды. Осы мақсатта академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі үйлестіруші халықаралық істер жөніндегі департаменттің директоры  Ойа Оналанмен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.

Еуразия гуманитарлық институты «Аударма ісі», «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарының студенттері қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бойынша  Карабюк Университетінде білім алып жүр. Олар өздерінің туған ЖОО-дан оқытушыларының келгеніне қуанып, амандасуға келді.

Барлық қатысушыларға алғыс грамоталары табыс етілді. Карабюк Университетінің ректоры Рефик Полат өз сөзінде біздің ынтымақтастығымызды ерекше атап өтіп, ректор Құсайынов Амангелді Құсайынұлына бірлескен жұмыс үшін алғыс білдірді. Симпозиумның ұйымдастырушысы Зеки Текин де алғыс білдіріп, екі мемлекеттегі ғылымның қалыптасуы мен дамуына ынтымақтастықтың үлкен рөл атқаратындығын айтты.