Еуразия гуманитарлық институты конкурс жариялайды

Еуразия гуманитарлық институты өзінің «Аударма ісі» мамандығының студенттері арасында оқыту үдерісінде босаған бос білім беру грантына (I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін квота) конкурс жариялайды.

Білім беру гранты туралы мәлімет: 5В020700 – «Аударма ісі» мамандығының білім беру гранты» (I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін квота).

ОҚЫТУ ТҮРІ: күндізгі

ОҚЫТУ ТІЛІ: орыс

ОҚЫТУ КУРСЫ: 3-курс

ГРАНТТАР САНЫ: 1

ӨТІНІШ БЕРУ МЕРЗІМІ: 2021 жылғы 18 қаңтардан кешіктірмей.

Өтінішті жіберу үшін қажетті электрондық пошта мекенжайы: dekan_egi@mail.ru

Барлық сұрақтар бойынша ЕАГИ деканатына хабарласуға болады, тел.: +7 (7172) 562 256