Еуразия гуманитарлық институты студенттерінің қатарына бірінші курсты салтанатты түрде қабылдау

2018 жылдың 24 қазанында «Жастар» сарайының концерт залында Еуразия гуманитарлық институты студенттерінің қатарына бірінші курсты қабылдау рәсімі өтті.

ЕАГИ ректоры, академик Құсайынов Амангелді Құсайынұлы құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс студенттеріне білімнің жоғары шыңдарына жетуді, батыл ойларды өмірде жүзеге асыруды және сынақ кітапшаларда жақсы бағалардың болуын тіледі. Сонымен бірге Амангелді Құсайынұлы осы жылдың көктемінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсында жүлделі орындар үшін дипломдар табыс етті.

I дәрежелі дипломмен 5В050900 – «Қаржы» мамандығының студенттері Акпаев Армансеит пен Нурмаганбетова Зарина марапатталды. Ғылыми жетекшілері: техника ғылымдарының кандидаты, доцент Тажбенова Гульжан Дальтоновна және «Airport Management Group» ЖШС белсенділерді басқару және жобаларды жетілдіру жөніндегі департаменттің директоры Кудабеков Азизхан Мусаевич.

II дәрежелі диплом 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының студенті Ким Владиславқа табыс етілді. Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Оспанова Ярослава Николаевна және психология ғылымдарының докторы, профессор Абдрашитова Татьяна Анатольевна.

III дәрежелі диплом 5В030100 – «Құқықтану» мамандығының студенті Ватылык Владимирға табыс етілді. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Абельдинов Арман Садыкович.

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Аман Қарлығашқа табыс етілді. Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы.

5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Есинбекова Мулкаратқа табыс етілді. Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Оспанова Ярослава Николаевна.

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығының студенті Абиш Асемгүлге табыс етілді. Ғылыми жетекші: педагогики және психология магистрі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Болатбекова Назгүл Жоламанқызы.

Оқу үдерісі сапасының мониторингі бөлімінің бастығы Б.Т. Байльденов бірінші курс студенттеріне дәстүрлі символдар – Білім кілтін және студенттік билетті табыс етті.

Іс-шараның себепшілерін және ата-аналарды тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., педагогика кафедрасының профессоры Оспанова Ярослава Николаевна өте әсерлі сөз сөйлеп құттықтады. Ярослава Николаевна

іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын атап өтіп, ЖОО әкімшілігінің атынан керемет мереке үшін алғыс айтты! Мерекеде институт пен Астана қ. City01.kz. сайтымен бірлесіп өткізген «ЕАГИ бірінші курсы аруы» атты онлайн-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қорытынды бойынша «ЕАГИ бірінші курс аруы» конкурсын «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенті Оспанова Наргиз жеңіп алды.

«ЕАГИ бірінші курсының 1-вице аруы» атағын «Шетел тілі: екі шетел» мамандығының 1-курс студенті Батырбай Жансая иеленді.

«ЕАГИ бірінші курсының 2-вице аруы» атағын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенті Муратова Альфия иеленді.

Жеңімпаздарға «Ангел» йога мектебіне бір ай ақысыз қатысуға сертификат берілді.

Білім алушыларды ресми түрде студенттікке қабылдануларымен құттықтаймыз, денсаулық, бақыт, көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылық табыстар, күш-қуат, еңбексүйгіштік, қоғамдық, мәдени және ғылымға қанық өмір тілейміз!