Еуразия гуманитарлық институтында Ашық есік күні өтті

2020 жылдың 27 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтының конференц залы білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға, институт тарихындағы қызықты деректермен танысуға, оқытушылармен және студенттермен тілдесіп, сұрақтарын қоюға келген болашақ талапкерлерге лық толды.

ЕАГИ-дегі маңызды шаралардың бірі – Ашық есік күні, ол талапкерлерге институт туралы, оқуға түсу ережелері мен оқу талаптары, студенттердің кәсіптік практикасы және ЖОО-ны бітірген соң жұмысқа орналасу туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Іс-шарада ЕАГИ-дің бірінші проректоры, профессор А.Ж. Исмаилов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, профессор Қ.Ә. Ахметов, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, профессор Я.Н. Оспанова, ЖІК төрағасы, магистр Н. Тырнахан, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ә.Қ. Жантаева, студенттік өзін-өзі басқару белсенділері – «Zhas Qanat» әлеуметтік клубының және «Саналы ұрпак» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубының төрағасы Ж. Ақтаев, сонымен қатар ҚР Президенті стипендиясының иегері Н. Әбдіраман өз сөздерінде болашақ ЖОО мен мамандықты таңдаудың маңыздылығына назар аудартып, институттағы оқудан тыс жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті және ЕАГИ-дің студенттік өмірімен таныстырды.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің заманауи би және вокал студиясының көшбасшылары шараны түрлі-түсті және шығармашылық қойылымдармен әрлендірді.

Содан кейін қонақтарды кафедраларға шақырды, онда олар дайындық бағыттары бойынша қызығушылық тудыратын білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен нақтырақ таныса алды. Сонымен қатар, жоғарғы курс студенттері кафедраларда таныстырылымдар жасады, ал бірінші курс студенттері өздерінің оқуға түсу тәжірибелерімен, оқытудың ерекшеліктері мен келешегі туралы өз ойларын ортаға салды.

Елорда мектептері мен колледждерінің студенттері өз кезегінде шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Еуразия гуманитарлық институты Ашық есік күнінде келгендердің бәріне ризашылығын білдіреді!