Еуразия гуманитарлық институтында дипломдық жұмыстарды on-line режимінде алдын ала қорғау бойынша бейнеконференция өтті

2020 жылдың 6 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында қашықтықтан білім беру технологиясын ұйымдастыру аясында «Оn-line режимінде білім беру платформаларында мамандықтар бойынша дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғауды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында бейнеконференция өтті.

Веб-конференция барысында EAГИ студенттерінің «OES-Webinar» немесе «Zoom» білім беру платформаларын қолдана отырып, барлық оқу нысандарында дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғау тәртібі талқыланды. Диплом алдындағы жұмысты қашықтық режимде алдын ала қорғауды ұйымдастыру жөніндегі бейнеконференция, оған қатысушылардың барлығы үшін, ең алдымен, бітіртуші кафедралардың өкілдері үшін пайдалы болды.