Еуразия гуманитарлық институтында онлайн режимде ректор грантының ұтыс ойыны өтті

2021 жылдың 25 тамызында Еуразия гуманитарлық институтында онлайн режимде ЕАГИ РЕКТОРЫ ГРАНТЫНЫҢ ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ өтті. Ұтыс ойының ҰБТ-ға дайындық бойынша қауымдастық желісінің әкімшісі К.И. Яичникова өткізді.

Ережеге сәйкес ұтыс ойынының финалдық кезеңіне онлайн-олимпиаданың қатысушылары жіберілді, оның қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үміткерлер анықталды.

Осы кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1. Тегін оқу грантының иегері – Жилькенова Адина Аблайевна (6В02307 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы).

2. 50% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Бернгард Алина Игоревна (6В02307 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы).

3. 25% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Султанова Сабина Талгатовна (6В01606 – «Тарих» білім беру бағдарламасы).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!