Еуразия гуманитарлық институтында онлайн режимде ректор грантының ұтыс ойыны өтті

2020 жылдың 25 тамызында Еуразия гуманитарлық институтында онлайн режимде ЕАГИ РЕКТОРЫ ГРАНТЫНЫҢ ҰТЫС ОЙЫНЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ өтті. Ұтыс ойынын ҰБТ-ға дайындық бойынша қауымдастық желісінің әкімшісі Яичникова К.И. өткізді.

Ережеге сәйкес ұтыс ойынының финалдық кезеңіне онлайн-олимпиаданың қатысушылары жіберілді, оның қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үміткерлер анықталды.

Осы кезеңнің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1. Тегін оқу грантының иегері – Әбдібекова Гүлім Батырғалиқызы (6В04108- «Бизнес және басқару» (Қаржы) білім беру бағдарламасы).

2. 50% жеңілдікпен оқу грантының иегері –Төлегенова Диназ Асылханқызы (6В01704 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Шетел тілі: екі шетел тілі) білім беру бағдарламасы).

3. 25% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Кулумбаева Мерейім Нұрғалиқызы (6В01701 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Қазақ тілі мен әдебиеті) білім беру бағдарламасы).

4. 25% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Жұмағұлова Қаракөз Жеңісбекқызы (6В01704 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Шетел тілі: екі шетел тілі) білім беру бағдарламасы).