Еуразия гуманитарлық институтындағы Қытай тілі күні

2019 жылдың 22 қарашасында Еуразия гуманитарлық институтында Қытай тілі күні өтті. Мерекені шетел тілдері кафедрасының басшылығы және қытай тілі мұғалімдері: Ахметбек Мадина мен Дүйсек Түлек ұйымдастырды.

ЕАГИ мен Конфуций институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою осы күннің ең елеулі оқиғасы болды.

ЕАГИ атынан меморандумға қол қоюға бірінші проректор А.Ж. Исмаилов, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департамент директоры С.Б. Загатова, шетел тілдері кафедрасының басшылығы, кітапхана директоры С.Б. Хамзина, ал Конфуций институтынан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Ян Лей мырза, атқарушы директор Айтбаева Рауиля Танатканқызы және Конфуций институтының оқытушылары қатысты.

Мереке құрметіне қытай тілін оқып жатқан студенттердің қатысуымен концерт болды. Концерттік бағдарлама қазақ және қытай тілдеріндегі нөмірлерге толы болды. Екінші жартысында Ян Лей мырза «Қазіргі қытай тіліндегі әлеуметтік және сөйлеу этикеті – қытай тегі мен есімдері» тақырыбында интерактивті дәріс оқыды. Дәріске шетел тілдері, педагогика, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары және шетел тілдері кафедрасының студенттері қатысты. Дәріс тыңдаушылар мен қонақтар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қытай мәдениетінде этикет пен сәлемдесу қағидалары бүкіл философияны білдіретіні белгілі. Кафедра студенттері дәріске белсенді қатысты. Ян Лей мырза ризашылығын білдіре отырып, мерекенің ұйымдастырылғандығын, біздің студенттердің білімін жоғары бағалай отырып, қол қойылған меморандум мен бүгінгі мереке екі ел арасындағы одан әрі ынтымақтастық үшін өзінше бір көпір болатынын атап өтті.