ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ

2018 жылдың 17 қазанында Еуразия гуманитарлық институтының кітапханасында оқытушыларға, қызметкерлерге және студенттерге арналған Elsevier компаниясының дерекқорларын ғылыми зерттеулерде және оқу процесінде пайдалану бойынша семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарылату: Scopus & ScienceDirect».

Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қадыр Әбілжанұлы Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасындағы Elsevier компаниясының дәріскер өкілі Дина Шaйхисламды таныстырды.

Эльзевир (Elsevier) компаниясы – бұл өз ғылыми қызметі аясында жоғары деңгейде пайдаланылатын, беделді ғалымдар дайындаған және рецензиялаған ғылыми журналдар, монографиялар, энциклопедиялар мен электронды басылымдар енгізілген ғылыми әдебиет әлеміндегі орасан зор басылым.

Толық мәтіндік және библиографиялық ақпаратты қамтитын Science Direct өте жиі пайдаланылатын элетронды ғылыми базасының бірі болып саналады. Science Direct платформасы көп тақырыптық деңгейде ақпаратты іздеу үшін ғылыми және білім беру ұйымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға құрылған.

Scopus мәліметтер базасының негізгі міндеттерінің бірі іздеу жүйесіне салынған дәйек сөз алу туралы ақпарат болып табылады. Scopus – Elsevier баспа корпорациясы құрған, әлемдегі ең ірі мультитәртіптік библиографиялық және рефераттық мәліметтер базасы.

Студенттер мен оқытушылар белсенді қатысты. Семинар нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.